Талас ауданында имамдардың діни білімін жетілдіру және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында екі күндік семинар ұйымдастырылды.
Семинарды Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Сейітқали Әбдіқадір мырза мен Нұрлан Мұрат ұстаз жүргізді. Екі күнге созылған семинар барысында имамдарға ақида және фиқһ ілімдері бойынша дәрістер оқылып, Құран сабақтары өткізілді.
Жиынның негізгі мақсаты – дін қызметкерлерінің діни білімін тереңдетіп, білім-біліктілігін арттыруға ықпал ету. Семинар барысында қатысушылар өз білімдерін жетілдіріп, діни ілімдер бойынша танымдарын кеңейтуге мүмкіндік алды.
Аудандық Қаратау Қажы би орталық мешіті баспасөз қызметі.



14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

