Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Талас ауданына арнайы іссапармен барды. Іс-сапар барысында облыстың бас имамы ауданға қарасты барлық мешіт имамдарымен кездесіп, арнайы жиын өткізді.
Жиында Асқар Зәкіржанұлы имамдық қызметтің жауапкершілігі мен маңыздылығына тоқталып, дін қызметкерлерінің қоғам алдындағы міндеттерін атап өтті. Сонымен қатар имамдарға жүктелген жауапкершілікті терең сезініп, халыққа діни-ағартушылық бағытта сапалы қызмет көрсетудің маңыздылығын жеткізді.
Кездесу барысында имамдық қызметтің абыройын арттыру, діни қызметті жүйелі жүргізу және жамағатпен тығыз байланыс орнату мәселелеріне баса назар аударылды. Жиынның негізгі мақсаты – аудан имамдарының қызметін үйлестіру, өзекті мәселелерді талқылау және діни жұмыстардың сапасын арттыру болды.
Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.



14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

