Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына қарасты Құмөзек ауылындағы «Саурық ата» мешітінің имамы Исаков Даниярдың ұйымдастыруымен «Ислам және бала тәрбиесі» тақырыбында уағыз айтылды.
Уағыз барысында бала тәрбиесінің ислам дініндегі маңызы, ата-ананың ұрпақ алдындағы жауапкершілігі және жас ұрпақтың бойына имандылық, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін сіңіру мәселелері сөз болды. Сондай-ақ балаға дұрыс бағыт-бағдар беріп, өнегелі тәрбие көрсетудің маңыздылығы түсіндірілді.
Ислам дінінде бала тәрбиесіне ерекше мән беріледі. Өйткені ізгі тәрбие алған ұрпақ – отбасының ғана емес, тұтас қоғамның болашағы.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі


14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

