Халықаралық қарттар күніне орай Тараз қаласы Жібек жолы ауданының 5-ші округіне қарасты Түрксіб алқабында игі шара ұйымдастырылды.
Аталған шараға Ардагерлер кеңесі мен мешіт ұжымы бірлесе қатысып, ауылдың қарияларын мерекемен құттықтап, оларға сый-сияпат табыстады. Іс-шара барысында ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы орны мен өнегелі өмір жолына алғыс білдірілді. Өз кезегінде қариялар ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Мерекелік құттықтау аясында Макаренко орта мектебі арқылы 24 қарияға, №68 гимназия арқылы 5 қарияға, сондай-ақ Ардагерлер кеңесі тарапынан 20 қарияға құрмет көрсетілді.
Бұл игі шараның басты мақсаты — үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеу, қарияларға қамқорлық таныту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.



14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

