Меркі ауданына қарасты «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Еламан Бақытханұлы жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әзірлеген «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстырып, оның негізгі бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Насихат барысында ас берудің діни мәні мен тәрбиелік маңызы түсіндіріліп, марқұмдарға Құран бағыштау, дұға жасау, ысырапшылдыққа жол бермеу және қарапайымдылықты сақтау мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар ас беру кезінде орынсыз бәсекеге түспей, шамадан тыс шығынға ұрынбаудың маңыздылығы айтылды.
Ұстаз құжаттың басты мақсаты – халқымыздың дәстүрлі ас беру рәсімдерін шариғат талаптарына сәйкестендіріп, қоғамда қарапайымдылық пен үнемшілдікті қалыптастыру екенін жеткізді.
Алла Тағала жасаған ізгі амалдарымызды қабыл етіп, елімізге береке мен бірлік нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

