РАТТ мүшесі Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы Меркі ауданының имамдарымен «Халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында халық арасында діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы, дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеу және қоғамда рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жат ағымдардың жетегінде кетуден сақтандыру және жастарға дұрыс діни бағыт-бағдар берудің өзектілігі сөз болды.
Жиын барысында имамдардың қоғамдағы жауапкершілігі мен халыққа дұрыс діни түсінік қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау және ел ішіндегі діни тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

