Тараз: "Әс-Сәләм" мешітінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Тараз: "Әс-Сәләм" мешітінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әс-Сәләм" мешітінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Әс-Сәләм» мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мешіттің кіреберіс бөлігі жаңартылып, пластик терезелермен қоршалды. Сонымен қатар, азан мен діни уағыздардың дауысын жеткізуге арналған 6 дыбыс зорайтқыш құрылғы орнатылды.

Аталған жұмыстар мешіттің жағдайын жақсартуға, жамағатқа қолайлы орта қалыптастыруға және діни іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мешіттің көркеюіне үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын! Алдағы уақытта да осындай игі істер жалғасын таба берсін.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: