Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Еламан Бақытханұлы жамағат арасында «Құдай ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Насихат барысында ұстаз құдайы астың негізгі мақсаты – марқұмның рухына Құран бағыштап, дұға жасау және сауапты амалдар арқылы Алла разылығына ұмтылу екенін түсіндірді. Сонымен қатар ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, орынсыз бәсекеге түспеу және қарапайымдылықты сақтау қажеттігін атап өтті.
Ислам діні ысырапшылдыққа жол бермей, әрбір істі шынайы ниетпен әрі шамадан тыс шығынға ұрынбай атқаруға үндейді. Құдайы ас – елдің алғысын алып, марқұмға дұға бағыштайтын, ағайынның басын қосатын сауапты іс.
Шара соңында жамағатты ас беру мәдениетін қалыптастыруға, дін мен дәстүр сабақтастығын сақтауға және игі амалдарды жарысқа айналдырмай, шынайы ықыласпен атқаруға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

