Меркі: Қоғам дерттері туралы насихат айтылды

Меркі: Қоғам дерттері туралы насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылдық мешітінің имамы Абдуманап Дулат жамағатқа «Қоғам дерттері – құмар ойын мен арақ ішудің зияны» тақырыбында насихат айтты.

Насихат барысында имам құмар ойын мен ішімдікке тәуелділіктің адам өміріне, отбасы берекесіне және қоғам тыныштығына тигізетін кері әсерлерін түсіндірді. Сондай-ақ адал еңбек етуге, уақытты тиімді пайдалануға, отбасылық құндылықтарды сақтауға және ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Құран Кәрімде Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Арақ, құмар, тігілген тастар және бал ашатын оқтар – шайтанның лас істерінен. Одан аулақ болыңдар! Сонда құтыласыңдар» (Мәида сүресі, 90-аят).

Имам насихат соңында жамағатты жаман әдеттерден бойды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға, отбасы мен қоғамның игілігі үшін ізгі амалдар жасауға үндеді.

Алла Тағала баршамызды жаман әдеттерден сақтап, отбасымызға амандық, қоғамымызға тыныштық пен береке нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: