Қордай аудандық «Қордай» мешітінде қысқы маусымға дайындық жұмыстары басталды. Атап айтқанда, мешіттің жылу жүйесі тексеріліп, алдағы суық күндерге әзірлік жүргізілді. Дайындық барысын аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Нұрмұхамед Сәбитұлы тексеріп, жылу жүйесінің жай-күйіне назар аударды.
Бұл жұмыстар мешітке келуші жамағатқа қолайлы жағдай жасау және ғимараттың қыс мезгілінде қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда. Қысқы маусымға алдын ала дайындық жүргізу – қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



15 Қазан 2026
3 Джумада-авваль 1448

