Қордай: Аудан мешіттерінде ауыспалы жұма намаздары өтті

Қордай: Аудан мешіттерінде ауыспалы жұма намаздары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша мешіттер арасында ауыспалы жұма намаздары ұйымдастырылып, жамағатқа «Ұстаз – білім бұлағы» тақырыбында уағыз-насихат айтылды. Атап айтқанда, Жаңатұрмыс ауылындағы «Жаңатұрмыс» мешітінің имамы Умирзоков Нұртуған Сарыбұлақ ауылындағы «Сахаба» мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатқа насихат айтты.

Ал аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Нұрмұхамед Сәбитұлы Жаңатұрмыс ауылындағы «Жаңатұрмыс» мешітінде жұма намазын жүргізді. Сонымен қатар Қордай ауылындағы «Қордай ауылдық» мешітінің азаншысы Бекзат Муханбетов Масаншы ауылындағы «Ал-жалил» мешітінде ауыспалы жұма намазын өткізді.

Жұма уағыздарында ұстаздың қоғамдағы орны, білім мен тәрбиенің маңызы, шәкірт бойына ізгі қасиеттерді қалыптастырудағы ұстаз еңбегі кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ білім алуға ұмтылу, ұстазды құрметтеу және пайдалы ілімді кейінгі ұрпаққа жеткізу қажеттігі айтылды. Аудан көлемінде ұйымдастырылған ауыспалы жұма намаздары мешіттер арасындағы байланысты нығайтып, жамағаттың діни сауатын арттыруға және өзара ынтымақтастығын күшейтуге бағытталған.

Алла Тағала баршамызға пайдалы білім нәсіп етіп, ұстаздарымыздың еңбегіне береке берсін! Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық пен бірлік нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: