Жуалы: Орталық мешітте «Мектепке жол» акциясы жасалды

Жуалы: Орталық мешітте «Мектепке жол» акциясы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылының «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында 27 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтар табысталды.

Ұйымдастырылған қайырымдылыққа жалпы 320 000 теңге қаражат жұмсалды. Игі бастаманы аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлы ұйымдастырып, балаларға қажетті заттарды табыстады.

Қайырымдылық шарасы барысында балаларға білім алудың маңыздылығы түсіндіріліп, жаңа оқу жылында жақсы нәтижеге жетулеріне тілектестік білдірілді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: