#Жуалы ауданында имамдарға арналған семинар өтті

#Жуалы ауданында имамдарға арналған семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде имамдарға арналған діни семинар ұйымдастырылды.

Семинарға облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамдары Бақтияр Әміреев пен Сейтқали Әбдіқадыр қатысып, имамдарға «Ақида сабағы», «Фиқһ сабағы» және ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары бойынша төрт сағаттық дәрістер өткізді.

Дәрістер барысында имамдардың діни білімін жетілдіру, шариғи мәселелерді дұрыс түсіндіру, діни үкімдерді сауатты жеткізу және кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері қамтылды.

Семинардың мақсаты – имамдардың ақида және фиқһ салалары бойынша білімін тереңдету, ҚМДБ-ның тұжырымдамалық құжаттарының мазмұнын түсіндіру, діни мәселелерді шариғат талаптары мен бекітілген діни ұстанымдарға сәйкес сауатты түсіндіру дағдыларын жетілдіру және жамағатқа дұрыс әрі дәйекті діни ақпарат жеткізу сапасын арттыру аясында өткізілді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: