Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Айтбай Назарбеков ауылындағы «Жәннат» мешітінде «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында адал еңбек етудің маңызы, маңдай термен табылған ризықтың берекесі және еңбектің адам өміріндегі орны жөнінде насихат айтылды. Жамағатты адалдыққа, жауапкершілікке және өз еңбегімен қоғамға пайда келтіруге үндеді.
Шара соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, еңбек пен адал кәсіпке қатысты пікір алмасты.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Қазан 2026
1 Джумада-авваль 1448

