Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінде жастарға арналған тағылымды кездесу өтіп, дәстүр және отбасы бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында насихат айтты.
Кездесу барысында жастарға ата-баба мұрасын құрметтеу, салт-дәстүрді сақтау, үлкенге құмет, кішіге қамқор болу секілді ұлттық тәрбиенің негізгі қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар мен ислам дінінің асыл ұстанымдары өзара үндес екені айтылып, жас буынды имандылыққа, отансүйгіштікке және жауапкершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы сөз болды.
Насихат барысында жастарды уақытты тиімді пайдалануға, білім алуға, еңбекқорлық пен адалдықты өмірлік ұстаным етуге шақырды. Қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, пайдалы мәліметтермен сусындады.


13 Қазан 2026
1 Джумада-авваль 1448

