Байзақ: ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

Байзақ: ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ауданымызда 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасы аясында «Өнегелі отбасы – ұлт байлығы» атты аудандық ардагерлер форумы өтті.

Жиын барысында аудан әкімі Олжас Баққараев Елебекұлы ардагерлерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, олардың ел дамуына қосқан еңбектеріне тоқталды. Сондай-ақ бірқатар азаматтарға марапаттар табыстады.

Форумда Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев сөз сөйлеп, аға буынның қоғамдағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне тоқталды. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров «Даналық формуласы» тақырыбында баяндама жасап, өмірлік тәжірибе мен ақыл-кеңестің жас ұрпақ үшін маңызын атап өтті.

Бұдан бөлек, дәстүрлі діни таным мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығы, жастар тәрбиесі, салауатты өмір салты және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері де кеңінен қозғалды. Бұл бағытта «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің аға оқытушысы Ерболат Боханов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Құралай Өскембекова өз ойларын ортаға салды.

Форумның мазмұнын «Өнегелі отбасы – ұлт байлығы» тақырыбы айшықтай түсті. Шара барысында республикалық «Абысын-ажын» байқауында Жамбыл облысының атынан қатысып, жүлделі ІІ орын иеленген Мамырайымовтар отбасы көпшілікке өздерінің отбасылық дәстүрі мен өнегесін таныстырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: