Байзақ ауданы Жетібай ауылындағы «Ақыл ата» мешітінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, сенбілік өтті.
Ізгі шара барысында мешіт ауласы мен оның айналасы тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мешіт жамағаты мен қызметкерлері тазалық жұмыстарына белсене қатысып, құлшылық үйінің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сенбіліктің басты мақсаты – мешіт аумағын таза ұстау, жамағат арасында тазалық пен ұқыптылық мәдениетін қалыптастыру. Тазалыққа атсалысу – ортақ жауапкершілік пен игілікті істің көрінісі.



13 Қазан 2026
1 Джумада-авваль 1448

