Байзақ ауылында «QAMQOR-SHARAPAT» жобасы аясында мазарат аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі шара барысында мазараттың айналасы тазаланып, қураған шөптер мен тұрмыстық қалдықтар жиналды. Шараға мешіт қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысып, сауапты іске өз үлестерін қосты.
Іс-шара соңында дастархан жайылып, ауыл ақсақалдары бата беріп, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын және атқарылған игі істің сауабын марқұмдардың рухына бағыштауды тіледі. Сондай-ақ, ауылдың бірлігі мен берекесі артып, осындай сауапты істердің жалғаса беруіне ақ тілектерін білдірді.


13 Қазан 2026
1 Джумада-авваль 1448

