Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкбастау ауылы «Қалмұрат баба» мешітінің имамы Төребай Өткелбайұлының ұйымдастырған қайырымдылық шарасы аясында бір қой сойылып, оның еті әлеуметтік жағдайы төмен үш отбасыға үлестіріліп берілді.
Игі іске атсалысқан азаматтарға алғыс айтылып, жасаған қайырымдылықтарының сауабы еселенуіне тілектестік білдірілді. Жақсылық жасау – қоғамдағы өзара жанашырлық пен берекені арттыратын сауапты амал.
Шара соңында ақсақалдар бата беріп, отбасыларға амандық, елге тыныштық, шаңырақтарға береке тіледі.


13 Қазан 2026
1 Джумада-авваль 1448

