Қарттар күніне орай «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінде ақсақалдар мен қарияларға құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы мен «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кеңжебайұлы елдің батасын алып, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсетіп жүрген қарияларға ізгі тілектерін білдірді. Ақсақалдарға сый-құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды.
Қарияларды ардақтау – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрлерінің бірі. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген дана сөз де үлкенге деген құрметтің мәнін айшықтай түседі.
Шара соңында қариялар мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, ел-жұрттың амандығы мен берекесін тілеп, ақ баталарын берді.



13 Қазан 2026
1 Джумада-авваль 1448

