Меркі ауданындағы Тәтті ауылдық мешітінде жамағатқа рухани насихат беретін көрнекіліктер орналастырылды. Атап айтқанда, мешіт қабырғасына Алла Тағаланың 99 көркем есімі, сондай-ақ Құран аяттары мен хадистер жазылған плакаттар ілінді.
Рухани мазмұндағы көрнекіліктер мешіт жамағатының діни сауатын арттырып, қасиетті аяттар мен хадистерден ғибрат алуға, Алла Тағаланың көркем есімдерін танып-білуге мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстар мешіттің рухани-ағартушылық бағыттағы қызметін жандандыруға және жамағатқа пайдалы діни ақпарат ұсынуға бағытталды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



13 Қазан 2026
1 Джумада-авваль 1448

