Меркі: «Дәстүрдің діндегі орны» тақырыбында насихат айтылды

Меркі: «Дәстүрдің діндегі орны» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәтті ауылдық мешітінің имамы Дулат Абдуманап жамағатқа «Дәстүрдің діндегі орны» тақырыбында насихат жүргізді.

Насихат барысында ислам діні мен ұлттық дәстүрдің сабақтастығы, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәні және шариғатқа қайшы келмейтін дәстүрлерді дәріптеудің маңызы түсіндірілді.

Сонымен қатар, дәстүрді ұлықтау – ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызды жолдарының бірі екені айтылып, кейінгі ұрпаққа атадан балаға жалғасқан өнегелі мұраны жеткізуге шақырды.

Жамағатқа дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, ұлттық тәрбиені насихаттаудың маңызы түсіндірілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: