Меркі: «Жүніс молда» мешітінде ұшыр садақасы таратылды

Меркі: «Жүніс молда» мешітінде ұшыр садақасы таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданындағы «Жүніс молда» мешітінде қайырымдылық бағытындағы игі іс жалғасын тапты. Мешіт ұжымының ұйытқы болуымен және қайырымды азаматтардың қолдауымен мешіт жанашыры, кәсіпкер Дастан бауырымыз өзіне тиесілі алма бағынан жиналған өнімнен 50 қорап және 50 қап алма ұшыр ретінде мешітке табыстады.

Жиналған алма өнімдері мұқтаж отбасыларға, көпбалалы және жалғызбасты аналарға, сондай-ақ білім жолындағы шәкірттер мен ұстаздарға үлестірілді.

Бұл – ауыл азаматтарының қайырымдылыққа атсалысып, қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсетуінің жарқын көрінісі.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Игі жолда қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, Алла оны біледі» («Бақара» сүресі, 273-аят) деп баяндайды.

Игі іске себепкер болған Дастан бауырымызға Алла разы болсын! Берген ұшыры қабыл болып, кәсібіне береке, отбасына амандық берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: