Ауыл имамдарының ұйытқы болуымен, қайырымды жандардың қолдауымен мұқтаж отбасыларға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.
Атап айтқанда, «Ботбай баба» мешіті арқылы 7 отбасыға ет, 5 отбасыға азық-түлік табысталды. Ал «Тәтті» мешітінің ұйымдастыруымен 4 отбасыға ет және азық-түлік таратылды. «Жарас ата» мешіті 2 отбасыға бір қойдың етін үлестірді. «Рахымбай ата» мешітінің ұжымы бір отбасыға киім-кешекпен көмек көрсетті.
Алла Тағала Құранда: «Жақсылық жасаңдар. Ақиқатында, Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» («Бақара» сүресі, 195-аят) деп баяндайды.
Қайырымдылыққа үлес қосқан барша азаматтардың ізгі амалдарын Алла қабыл етіп, ризық-несібелеріне береке берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


13 Қазан 2026
1 Джумада-авваль 1448

