Меркі: Жамағаттың басын қосқан тағылымды кездесу өтті

Меркі: Жамағаттың басын қосқан тағылымды кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқыстақ ауылы “Әл-Карим” мешітінің имамы Төлеуғазы Асхатұлының ұйымдастыруымен жамағаттың басын қосқан тағылымды әрі берекелі кездесу өтті.

Басты мақсат – ауыл азаматтарының арасындағы бауырластықты нығайту, алыста жүрген жамағатпен байланысты үзбеу, бір-біріне деген жанашырлық пен өзара сыйластықты арттыру.

Жиын барысында жамағат арасында жылы әңгіме өрбіп, елдің бірлігі, ауылдың берекесі, жастардың тәрбиесі және діни құндылықтарды дәріптеу мәселелері сөз болды. Үлкендер ақ батасын беріп, жастарға насихат айтылды.
Осындай басқосулар – ағайын арасындағы ынтымақты арттырып, жамағаттың бірлігін бекемдей түсетін игі шаралардың бірі.

Алла Тағала осындай кездесулерімізге береке беріп, ауылымыздың ынтымағын, ел-жұртымыздың амандығын арттырсын! Әрбір игі ниетімізді қабыл етіп, жамағатымыздың арасындағы бауырластықты баянды етсін!

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: