#Шу: «Тоғай» мешітінде Мәуліт кеші өтті

#Шу: «Тоғай» мешітінде Мәуліт кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы «Тоғай» мешітінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) дүниеге келген күніне арналған Мәуліт кеші өтті.

Рухани шараға мешіт жамағаты, ақсақалдар, жастар және қала тұрғындары қатысты. Кеш Құран аяттарын оқумен басталып, Мәуліт жыры айтылып, Алла Елшісінің (с.а.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезі туралы уағыз-насихат айтылды.

Шараға Шу аудандық мешітінің имамы Алмас Рысханұлы, «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы қатысып, жамағатқа ізгі тілектерін білдірді. Кеш соңында ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалып, дастарқан жайылды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: