Аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы Қарасу ауылдық мешітінде жұма намазын жүргізіп, жамағатқа «Ұстаз – білім бұлағы» тақырыбында уағыз айтты.
Жұма уағызында білімнің адам өміріндегі маңызы, ұстаздың шәкірт тәрбиесіндегі орны және білім алушының ұстазға деген құрметі кеңінен айтылды. Ұстаз – тек білім үйретуші ғана емес, шәкіртке бағыт-бағдар көрсетіп, оның бойына ізгілік пен көркем мінез қалыптастыратын тұлға екені атап өтілді.
Сонымен қатар жамағатқа пайдалы білімді үйренудің, алған білімді амалға асырудың және оны кейінгі буынға жеткізудің маңызы түсіндірілді.
Жұма намазынан кейін жамағатпен жүздесіп, олардың көкейіндегі діни сауалдарға жауап берілді.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі


08 Қазан 2026
25 Раби-сани 1448

