Қарттар күніне орай Шу аудандық «Жәми» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев ұйытқы болуымен мешіт ұжымы және мектеп оқушыларымен бірге соғыс ардагері Кенесбай Қарипбаевтың шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті.
Ізгі сапар барысында ардагердің хал-жағдайы сұралып, өмір жолы мен ел басынан өткен тарихи кезеңдер жайында әңгіме өрбіді. Қонақтар ардагерге сый-сияпат табыстап, ақжарма тілектерін білдірді.
Кездесу соңында ақсақал жастарға ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді. Мұндай тағылымды кездесулер өскелең ұрпаққа үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу және ел тарихын қадірлеу құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



08 Қазан 2026
25 Раби-сани 1448

