Шу ауданы Ақтөбе ауылында Қарттар күніне орай тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Ауыл мектебінің ұжымы ауылдың ардагерлері мен қарт тұрғындарына арнап концерттік бағдарлама ұсынып, құрмет көрсетті. Іс-шараға ауыл әкімдігі, мешіт жамағаты және ауыл тұрғындары атсалысты.
Шара барысында қарттарға сый-сияпат жасалып, жалпы көлемі 100 000 теңге көлемінде сыйлықтар табысталды.
Ізгі шара Ақтөбе ауылындағы «Жылғабек» мешітінің имамы Абусейіт Қоспановтың ұйымдастыруымен өтті.
Қарттарды қадірлеу – халқымыздың дәстүрлі құндылықтарының бірі. Осындай шаралар аға буынға құрмет көрсетіп, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



08 Қазан 2026
25 Раби-сани 1448

