#Шу «Төле би» мешітінде Қарттар күніне орай қарияларға сыйлықтар табысталды

#Шу «Төле би» мешітінде Қарттар күніне орай қарияларға сыйлықтар табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарттар күніне орай Шу ауданындағы «Төле би» мешітінде үлкендерге құрмет көрсету мақсатында арнайы қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ізгі шара Гүлжан Сағындыққызының ұйымдастыруымен өтіп, мешітке келген қарияларға сый-сияпаттар табысталды. Шара барысында үлкендердің хал-жағдайы сұралып, ақыл-кеңестері тыңдалды. Қарияларға деген құрмет – халқымыздың ежелден келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі екені айтылып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тілектер білдірілді.

Жастарға ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізген қариялар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Осындай шаралар арқылы үлкенге құрмет көрсету, ізет білдіру және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға үлес қосу көзделеді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: