#Мойынқұм: «Бірлік» мешітінде бала тәрбиесі тақырыбында насихат айтылды

#Мойынқұм: «Бірлік» мешітінде бала тәрбиесі тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданындағы «Бірлік» мешітінде имам Серік Смайлов жамағатқа ислам дініндегі бала тәрбиесінің маңызы туралы насихат айтты.

Имам өз сөзінде балаға дұрыс тәрбие берудің ата-ана үшін үлкен жауапкершілік екенін айтып, ұрпақ тәрбиесінде имандылық, әдептілік, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету сияқты құндылықтардың маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, балаға жақсы үлгі көрсету, оның бойына ізгі қасиеттерді қалыптастыру және рухани тәрбиесіне көңіл бөлу жөнінде кеңестер берілді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: