ТАРАЗДА ТАҒЫ БІР ӨНДІРІС ОРНЫ «ХАЛАЛ ДАМУ» СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

ТАРАЗДА ТАҒЫ БІР ӨНДІРІС ОРНЫ «ХАЛАЛ ДАМУ» СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысында шариғат талаптарына сай, сапалы әрі адал өнім өндіруге бет бұрған кәсіпорындар қатары толыға түсті. Жартылай дайын өнімдер өндірумен айналысатын «Bereke» жеке кәсіпкерлігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС-нің ресми сертификатына ие болды.

Құжатты табыстау рәсімі күндердің сұлтаны – қасиетті жұма намазында, облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде өтті. Көпшілік алдында мешіт имамы Дәулет Жанарбекұлы кәсіпкерге арнайы куәлікті салтанатты түрде тапсырып, адал ас ұсынудың сауабы мен жауапкершілігіне тоқталды.

Имам өз сөзінде халал астың адам өмірі мен руханиятындағы орны зор екенін атап өтіп, тұтынушыларға таза әрі сенімді өнім ұсынуға ниет білдірген кәсіпорын иелеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, игі бастамаға береке тілеп, ел игілігіне арналған кәсіптің алға басуы үшін көппен бірге дұға жасады.

Айта кетейік, аталған кәсіпорын өнімдері сертификат алар алдында технологтар мен шариғат мамандарының жіті тексеруінен өтіп, құрамы мен өндіріс процесі «Халал Даму» стандарттарының барлық талаптарына толық сәйкес деп танылды.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: