ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЯСАУИ КЕШЕНІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЯСАУИ КЕШЕНІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Дархан дала» отандық туризм жобасы аясында Түркістан өңіріне сапарлаған Жамбыл облысының дін қызметкерлері бүкіл түркі дүниесінің рухани жүрегі саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бастаған дін мамандары – облыстың наиб имамдары мен Тараз қаласы мешіттерінің қызметкерлері – Ұлы Даланың рухани ұстазы, кемеңгер ойшыл Әзірет Сұлтанның рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады. Жаратушыдан ел тыныштығы мен бірлігін, жұртымыздың амандығын тілеп дұға жасалды.

Зиярат барысында дін өкілдері көне сәулет өнерінің жауһары саналатын тарихи кешенді, оның ішінде Тайқазан орналасқан Қазандық бөлмесін, қылует пен жерасты мешітін аралап көрді. Имамдар орта ғасырлық жәдігерлер мен жазба деректермен танысып, Ясауи ілімінің ислам діні мен қазақ дәстүрінің сабақтастығындағы тарихи маңызына мән берді.

Бас имам Асқар Зәкіржанұлы кесене тағылымы жайында:

«Қожа Ахмет Ясауи бабамыз – ислам дінінің асыл құндылықтарын даналықпен, дала заңымен үйлестіре білген ұлы тұлға. "Хикметтерден" бастау алатын ихсан ілімі, жүрек тазалығы мен парасаттылық – бүгінгі қоғамға да ауадай қажет рухани қайнар. Осындай тарихи орындарға келу бабалар салған сара жолды жастарға дұрыс насихаттауға серпін береді», – деп ой түйді.

«Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының тарихи тынысымен терең танысқан дін қызметкерлері өзара танымдық сұхбаттар жасады.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: