Қордай ауданы, Қордай ауылында «Қарттар күніне» орай аудан бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен Қарттар үйіндегі қарияларға арнайы зиярат жасалды.
Ізгі шараға Қордай ауылы, «Қордай ауылдық» мешітінің азаншысы Бекзат Мукхамбетов қатысып, қариялардың хал-жағдайын сұрап, көңілдеріне жылу сыйлады. Кездесу барысында үлкенді құрметтеу, қарттарға қамқорлық көрсету және олардың өмірлік тәжірибесін қадірлеудің маңыздылығы айтылды.
Бекзат Мукхамбетов қарияларға жылы лебізін білдіріп, дендеріне саулық, ғұмырларына береке тіледі. Қариялар өз кезегінде көрсетілген құрмет пен ізгі ниетке ризашылықтарын білдірді. Жиын соңында еліміздің амандығы, ел тыныштығы және қариялардың денсаулығы үшін дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


08 Қазан 2026
25 Раби-сани 1448

