Қордай: Отан алдындағы борышын өтеу — әр ер азаматтың міндеті

Қордай: Отан алдындағы борышын өтеу — әр ер азаматтың міндеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылы, «Қордай» әскери бөлімінде әскери қызметшілермен «Отан алдындағы борышын өтеу — әр ер азаматтың міндеті» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Қордай ауылы, «Қордай ауылдық» мешітінің азаншысы Мукхамбетов Бекзат қатысып, әскери қызметшілерге Отан алдындағы борышты өтеудің маңыздылығы жөнінде насихат айтты.

Жиын барысында Отанды қорғау — ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жауапты қызмет екені айтылды. Сонымен қатар, әр азаматтың өз міндетіне адал болуы, әскери тәртіпті қатаң сақтауы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі және қызмет барысында өзара сыйластық пен ауызбіршілікті берік ұстануы жөнінде сөз қозғалды. Бекзат Мукхамбетов өз сөзінде елге қызмет етудің адам өміріндегі жауапты кезеңдердің бірі екенін атап өтіп, әскери қызметшілерді Отан алдындағы міндеттерін абыроймен атқаруға, ел мен жердің қадірін бағалауға шақырды.

Кездесу барысында әскери қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу жүргізілді. Жиын соңында сарбаздарға қызметтеріне сәттілік тілеп, ел амандығы, жердің тыныштығы және Отан қорғаушылардың амандығы үшін дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: