Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Масаншы ауылындағы «Мухаммед Аюб Биянху» мешітіне арнайы іс сапармен барып, мешітте жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Зерделеу барысында мешіттің қазіргі жағдайы қаралып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы сараланды. Аудан бас имамы жөндеу жұмыстарының сапалы әрі талапқа сай жүргізілуіне қатысты жауапты азаматтарға тиісті тапсырмалар берді.
Мешіттің жамағатқа қолайлы әрі көрікті орынға айналуына бағытталған игі жұмыстардың берекелі болуына тілектестік білдірілді. Алла Тағала атқарылып жатқан игі істерге береке беріп, мешіттің жөндеу жұмыстарын сәтті аяқтауды нәсіп етсін. Жамағаттың басын қосып, құлшылық етуге қолайлы жағдай жасайтын берекелі мекен болуын нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


09 Қазан 2026
26 Раби-сани 1448

