Қордай ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Сортөбе ауылындағы «Сортөбе» мешітіне арнайы іссапармен барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.
Сапар барысында аудан бас имамы мешіт жамағатымен кездесіп, имандылық, ауызбіршілік пен өзара сыйластықтың маңызы жөнінде насихат айтты. Сонымен қатар, жамағатты діни білімді арттыруға, мешітке тұрақты келіп, береке-бірлікті нығайтуға шақырды.
Кездесу соңында жамағатпен бірге дұға жасалып, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы тіленді. Алла Тағала елімізге тыныштық, халқымызға амандық беріп, мешіттеріміздің берекесін арттырғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



09 Қазан 2026
26 Раби-сани 1448

