Қордай ауданы, Қордай ауылының «Елімай» шекара бөлімшесінде сарбаздармен «Елді қорғау — ерен ерлік» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Әнебеков Жанұзақ қатысып, Отанды қорғаудың маңыздылығы, елге қызмет етудің жауапкершілігі және азаматтық міндет туралы насихат айтты. Жиын барысында ел тыныштығын сақтау, Отанға адал қызмет ету, әскери тәртіпті сақтау және бірлікті нығайту жөнінде сөз қозғалды.
Наиб имам сарбаздарды Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, ел қауіпсіздігі жолындағы қызметтеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Кездесу соңында сарбаздарға қызметтеріне сәттілік тілеп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


09 Қазан 2026
26 Раби-сани 1448

