Жуалы: «Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінен өнеге» атты жарыс өтті

Жуалы: «Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінен өнеге» атты жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінен өнеге» тақырыбында жарыс өтті.

Іс-шараны мешіттің Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, ұстаз Клара Смағанбетова ұйымдастырды. Жарыс барысында қатысушыларға ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) өнегелі өмірі, көркем мінезі мен адамгершілік қасиеттері жөнінде сұрақтар қойылды.

Жарысқа белсене қатысқан Нағашбекова Бибігүл мен Мұхаммеджанқызы Жанарға арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар шәкірттер арасынан үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

Ұстаз Клара Смағанбетова шәкірттеріне Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірін үлгі етіп, көркем мінезді болуға үндеді. Іс-шара соңында барша қатысушыларға ізгі тілек айтып, дұға жасалды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: