Үш арсыз: «ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз» деген қазақ халқы үш арсыздың бірі ретінде күлкіні атаған. Шариғатымыз күлiмдеуге, жылы жүзді болуға шақырады. Ал шектен тыс күлуге, өзгені кемсітіп, кісінің бойынан мін іздеп мазақ етуге тыйым салады. Ислам ұлыларының бірі Мәулана Жәлелуддин Руми: «Адамдардың қалай күлгенінен әдебін, не нәрсеге күлгенінен ақылын бағамдаймын», – деген екен.
Кісі бойынан мін іздеп, кемсітіп күлуге болмайды. Сол үшін «Кісі мінiне күлме, кемтарға күлме!» деп бала жастан тыйым салып отырған. Бұл дінімізде бар құндылық. Кісінің ар-намысына тиюге болмайды. Мін іздеу, кемсітіп кісіге күлу – мұсылманға жат іс.Алла Тағала момын-мұсылмандарға: «Уа, иман келтіргендер! Бір ел, бір елді тәлеке қылмасын. Бәлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер, әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді кемсітпеңдер, жаман ат тақғыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін пасықтық ат нендей жаман»» Кімде -кім тәубесіне келіп, мұндай жаман қылықтан дереу арылып, Аллаға бет бұрмаса, міне, солар нағыз залымдар»»- деп ескертеді («Хұжрат» сүресі,11-аят)
Бабаларымыз ұрпақ тәрбиесінде әдепсіз, арсыз істерге тыйым салып отырған. Мұның барлығы ислам әдептерінен көрініс береді. Көргенді елдің баласы кісіні құрметтейді,кемтарға күлмейді. Кемтар жанды көрсе, қолдау жасап, жақсылығымен жәрдем жасайды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын (дін мұсылманды осыған үндейді. Хадисте былай делінеді «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Ол бауырына зұлымдық жасамайды, жәрдемсіз қалдырмайды және қорламайды. Адамға мұсылман бауырын мазақ етуі, жамандық ретінде жеткілікті іс. Мұсылман үшін әрбір мұсылманның жаны, өмірі, мал-дүниесі және ар-намысы қастерлі».
Халқымыз «Артық байлық адамды аздырады, артық күлкі жиреніш қоздырады», «Күлме досқа, келер басқа» деген сөз бар. Күлкінің де түрі көп. Ең жаманы, әдепсіздікке душар ететіні - қарқылдап күлу, жырқылдап миығынан күлу, өтірік күлу. Дініміз мәнді – мағыналы, сыпайы күлкіні ғана құп көреді.
Ахмет Бақытжан
«Аудандық Сұлтан» мешітінің наиб имамы


26 Қыркүйек 2026
13 Раби-сани 1448

