Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің әйел-қыздар секторының 10 жылдығына орай оқушылар арасында Құран сүрелерін жатқа оқу жарысы ұйымдастырылды.
Байқауды мешіттің әйел-қыздар секторының ұстазы Смағамбетова Клара ұйымдастырды. Жарыс барысында қатысушылар «Фәжр» және «Нас» сүрелерін жатқа оқудан өзара бақ сынады.
Жарысқа Жамбыл облысы әйел-қыздар секторының ұстазы Иманалиева Жазира және «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің ұстазы Алпысбаева Айгерім төрелік етті.
Байқау қорытындысында І орынды Есімбетова Ақмарал, ІІ орынды Нағашбекова Бибігүл, ІІІ орынды Аймурзаева Разия иеленді.
Жүлдегерлерге алғыс хатпен қатар кітаптар сыйға тартылды. Ал жарысқа қатысқан өзге оқушыларға ынталандыру мақсатында алғыс хаттар табысталды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, сүрелерді жаттауға ынталандыру және діни сауаттылығын жетілдіру аясында өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



06 Қазан 2026
23 Раби-сани 1448

