Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, ұстаз Смағанбетова Клара Диханбайқызының ұйымдастыруымен «Әсем киім – әйел ажары» атты байқау өтті.
Іс-шара барысында ұлттық киімнің мән-маңызы кеңінен насихатталып, қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан камзол, шапан, кимешек сынды ұлттық киім үлгілері таныстырылды. Сонымен қатар қазіргі заманғы қазақы этно-стильдегі киім үлгілері көрсетіліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы айтылды.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – Баймұратова Ырысжан;
ІІ орын – Нағашбекова Бибігүл;
ІІІ орын – Мұхамеджанова Жанар.
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Шараның негізгі мақсаты – ұлттық киім мәдениетін насихаттап, қыз-келіншектер арасында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру мақсатында өткізілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


06 Қазан 2026
23 Раби-сани 1448

