Жуалы: Мешітте Құран хатым жасалды

Жуалы: Мешітте Құран хатым жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде Құран хатым оқылып, дұға жасалды.

Жиын барысында мешіттің әйелдер-қыздар секторының ұстазы Смағанбетова Клара білімнің артықшылығы жөнінде насихат айтты.

Ұстаз өз сөзінде білімді әйелдің дүниетанымы кеңейіп, көзі ашық, көкірегі ояу болатынын атап өтті. Сондай-ақ әйел адамның білімді болуы отбасының берекесі мен тәрбиесіне оң әсер ететінін жеткізді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: