Қордай: Қоғамдық кикілжіңдерге жол бермеу мәселелері талқыланды

Қордай: Қоғамдық кикілжіңдерге жол бермеу мәселелері талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы мәдениет үйінде қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау мақсатында жиын өтті. Жиынға Сортөбе ауыл әкімінің орынбасары Гаров Мадый Багиевич және Қордай ауданының бас имамы Абдразахов Азамат қатысты.

Кездесуде қоғамдағы өзара түсіністік пен татулықты сақтау, қоғамдық кикілжіңдерге жол бермеу, заң талаптарын сақтау және мемлекеттік ұстанымдарды құрметтеу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызы, ортақ азаматтық бірегейлікті нығайту және елдегі тұрақтылықты сақтауда әр азаматтың жауапкершілігі туралы айтылды.

Қатысушыларды өзара сыйластық пен ауызбіршілікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға және ортақ құндылықтар төңірегінде топтасуға үндеді. Жиын барысында қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: