Жамбыл облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Заңды жолмен» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті.
Аталған зияткерлік дода Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» мен Жоғары Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен өткізілді. Турнирдің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптеу, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және жастардың пікірталас мәдениетін шыңдау.
Облыстық деңгейде өткен тартысты додаға өңірдегі 18 оқу орнынан 30-дан астам фракция, яғни 79 студент қатысты. Қатысушылардың ой ұшқырлығы мен шешендік қабілетіне Жамбыл облысына танымал, тәжірибелі пікірсайысшылар қазылық етті.
Тартысты өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсеткен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің шәкірттері жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлап, 30 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Медресе-колледж намысын қорғаған фракция құрамы:
-
Досмұхамет Абдулсабыр – 3-курс студенті;
-
Юсупов Елшыбек – 2-курс студенті;
-
Жетекшісі: Б.Б. Торшаев.
Жүлдегер атанған шәкірттер бұл жетістік үлкен жолдың бастамасы ғана екенін, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға ниетті екендіктерін жеткізді.
Турнирдің жалпы қорытындысы:
-
І орын – Жамбыл политехникалық жоғары колледжі (40 000 теңге және арнайы кубок);
-
ІІ орын – «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі (30 000 теңге);
-
ІІІ орын – Жоғары Тараз инновациялық көпсалалы колледжі (20 000 теңге).
Сонымен қатар турнир соңында белсенді ойын көрсеткен бірқатар қатысушылар «Ең үздік спикер», «Үздік аналитик», «Үздік оратор» секілді арнайы аталымдармен марапатталды.
"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің баспасөз қызметі



30 Қыркүйек 2026
17 Раби-сани 1448

