Қордай ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Сортөбе ауылындағы «Мисбахул ислам» мешітіне іссапармен барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында мешіттің діни-ағартушылық жұмыстары, жамағатпен байланысы, құжаттарының жүргізілуі, тазалық пен тәртіп мәселелері қаралды. Сонымен қатар мешіт қызметінің ұйымдастырылуы мен атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер жөнінде ұсыныстар айтылды.
Аудан бас имамы мешіт қызметкерлеріне жамағатпен тығыз байланыс орнатып, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Алла Тағала атқарылып жатқан игі істерге береке беріп, мешіттеріміздің халыққа рухани тәрбие беретін берекелі орда болуын нәсіп етсін. Елімізге амандық, халқымызға бірлік пен тыныштық берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


08 Қазан 2026
25 Раби-сани 1448

