Қордай: Аудан бас имамы қарилар орталығының жұмысын және құжаттарын тексерді

Қордай: Аудан бас имамы қарилар орталығының жұмысын және құжаттарын тексерді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Масаншы ауылындағы «Қордай Құран қариларын дайындау орталығына» арнайы барып, орталықтың жұмыс барысымен танысты. Сапар барысында орталықтағы оқу үдерісі, атқарылып жатқан жұмыстар және құжаттардың жүргізілу тәртібі тексерілді. Сонымен қатар, орталықтың қызметін жүйелі ұйымдастыру, білім алушыларға Құран ілімін сапалы меңгертудің маңызы жөнінде тиісті бағыт-бағдар берілді.

Аудан бас имамы орталық жұмысының талапқа сай жүргізілуіне, оқу тәртібі мен құжаттардың жүйелі болуына назар аударды. Алла Тағала орталықтағы білім алушыларға және берушілерге пайдалы ілім нәсіп етіп, Құранды жүректеріне бекем орнықтырсын. Құран жолындағы еңбектеріне береке беріп, елге қызмет ететін ізгі де білімді азаматтардан болуды нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: