Қордай: «Сортөбе» мешіті зерделенді

Қордай: «Сортөбе» мешіті зерделенді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Сортөбе ауылындағы «Сортөбе» мешітіне барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында мешіттің діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстары, жамағатпен байланысы, тазалық пен тәртіп мәселелері қаралды.

Сонымен қатар мешітте жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді. Мешіт қызметінің ұйымдастырылуы мен атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын міндеттер жөнінде ұсыныстар айтылды.

Аудан бас имамы мешіт қызметкерлеріне жамағатпен тығыз байланыс орнатып, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Алла Тағала мешіттеріміздегі игі істерге береке беріп, құрылыс жұмыстарын сәтті аяқтауды нәсіп етсін. Жамағатымыздың ауызбіршілігін арттырып, елімізге амандық, халқымызға тыныштық, әр шаңыраққа береке берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: