Қордай: «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында ауыспалы жұма өтті

Қордай: «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында ауыспалы жұма өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Жамбыл ауылының «Әл Хафиз» мешітінде ауыспалы жұма өтті. Жұма намазына ауданға қарасты «Өтеген» мешітінің ұстазы Атанбаев Нұрсұлтан қатысып, жамағатқа «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Насихат барысында ұстаз дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсінудің маңыздылығына тоқталып, діни білімді сенімді әрі білікті ұстаздардан алуға шақырды. Сондай-ақ жастардың әлеуметтік желідегі діни ақпараттарға сын көзбен қарап, күмәнді әрі деструктивті діни ағымдардың ықпалына ермеуінің маңызын түсіндірді.

Ауызбіршілік пен татулықты сақтау, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, ата дініміз бен салт-дәстүрімізді құрметтеу жөнінде тағылымды ойлар айтылды. Алла Тағала баршамызды адасудан сақтап, жүрегімізге иман, отбасымызға береке, елімізге тыныштық пен тұрақтылық нәсіп етсін. Жастарымызды жат ағымдардың ықпалынан қорғап, тура жолдан айырмасын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: