Қордай: «Хамид бен Бадый» мешіті зерделенді

Қордай: «Хамид бен Бадый» мешіті зерделенді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Сортөбе ауылындағы «Хамид бен Бадый» мешітіне арнайы барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында мешіттің діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстары, жамағатпен байланысы, тазалық пен тәртіп мәселелері қаралды. Сонымен қатар мешіт қызметінің ұйымдастырылуы мен атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.

Кездесу барысында мешіт қызметкерлері мен жамағаттың қазақ тілін меңгеруіне бағытталған қазақ тілі курсының ұйымдастырылып, тұрақты түрде өтіп жатқаны сөз болды. Мемлекеттік тілді меңгеру және қазақ тілінде уағыз-насихат жүргізу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ аудан бас имамы діни сауаттылықты арттыру, жамағатпен тығыз байланыс орнату және мешіттің қоғамдық-рухани қызметін жандандыру жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Алла Тағала мешіттеріміздегі игі істерге береке беріп, қазақ тілін үйрену жолындағы талап-талпыныстарды нәтижелі етсін. Жамағатымыздың ауызбіршілігін арттырып, елімізге амандық, халқымызға тыныштық нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: